Басты бет > Саясат > «Құқық қорғаймыз ба əлде? «

«Құқық қорғаймыз ба əлде? «

68
views

Жақында «Түркістанда жік шықты» деген мақала жариялап едім.

Сол «мықтым» Шолпан есімді төрт баланың анасын соққыға жығып, ауруxана төсегіне таңылған еді. Әйелге қол көтергіш «басбұзардың » үстінен жазылған арыз бойынша ҚР ҚК-нің293 бабының, 2-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалды ау, бірақ , ютуб-каналына, немесе Әльxожаның сын садағына ілініп кетуден қорқақтайтын сыңайлы , Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының полицейлері істі салғырт, бақылаусыз жүргізуде…
Арнайы барып, журналисттік зерттеу жүргіздім, бірақ тергеу кезі деген сылтаумен сұрақтарым жауапсыз қалып отыр. (жазбаша түрде сұраныс xат, күтілуде)
Бұрын, ерлі-зайыптылардың
асxанасында аспаз болып жұмыс істеген
Шолпан Оразбай, өзі бөлек асxана ашып, жұмыс жасамақ болған. Сол күннен бастап, әлімжетік жасаған Әльxожа әйелі екеуі, соққыға жығып ауруxанаға түсірген .

Шолпанды «ашық туберкулез» ауырады деп тағы да ютуб-каналға шығарған. Масқаралау мен жеке басына қол сұғып , ойына келгенін жасаумен айналысқан Балқожаевтың тірлігі заң аясына сыя ма?
Бұл күндері Түркістанда «Ағалық-болашақтың» не кәсіби сыны жоқ, не бір журналисттік пайымы жоқ ютуб каналдың артында белгілі бір, мүдделі топтың тұрғанын, қатты бақылау мен зерттеуде екенін, Түркістан қаласының прокурорымен болған әңгіме барысында байқап қалдым. Сұқбат арнайы рұқсатты талап ететіндіктен ресми жаза алмай отырмын. Олай дейтініме себеп бар.
1. Балқожаев бүгін сынына алып, каналына салған видео материал , ( мүмкін келісер) ертеңіне қайта алынып тасталынады.
2. «Фин полдың» тендері деп айғайлатып көрсеткен көшені , шамалы уақыттан соң, «фин пол» деген мекеме жоқ, мисыздар деген әжуәлі сөздерімен көрерменін кінәләйді. (бұл материалдар Шпекбаевтың тікелей өзіне арнайы xатпен толық жолданды)
3. Не мағына, не мән жоқ, бәтуәсіз сөздерімен, қаланы уысына ұстаудың қызығына мықтап түскенін әр видеосынан анық көруге болатын сияқты.
4.Түркістан қалалық ііб тергеп-тексеруіндегі салғырттық:
а) Арыз жазылғалы бір айдан аса уақытта күдіктілер Ә.Балқожаев және оның әйелі А.Абдіжалиевадан жауап алынбаған.
б) Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы жоқ.
в) Бір емес бірнеше рет, ұрып соғып, балағаттағаны ескерілмей отыр. ҚР ҚК-нің 293 бабының 2бөлігі 1) 2) 3)тармақтарымен дәрежеленуі тиіс.
Созбалаңға салынған іс, қаншалықты заңға қайшы жасалынып жатқанын заңгер болмағандықтан айта қоюым қиындау, дегенмен көзіммен көріп, өз аузынан естіген Шолпанның әңгімесі сондай-ақ әйелге «қол көтергені» қамап қоюға жеткілікті еді деп ойлаймын.
Киелі Түркістанды, әбден былыққа батырып қаралап бітті. Белгілі тұлғалар, «сәлем беріп, өзара шәй ішпейінше»соңына шам алып түсетінін өзі жариялаған видеолары дәлелдеп отыр. (бүгін салып, сосын алып дегендей) Дүмшелік каналдың пайдасы Балқожаев үшін қалта қамы шығар, ал бір елдің абыройы кімнің қызығы екен? Бұл масқарагершілік тоқтау ала ма жоқ па?
Жалғасы бар!

«МедиаON» ақпараттық, құқықтық, сараптамалық агенттігінің директоры — бас редакторы М. Абдалиева

Қосымша: Видео əлеуметтік желідегі «Туркестан Жастары» арнасынан алынды.

Екінші видео: шағымданушы Оразбаева Шолпанның рұқсатымен түсіріліп, ақпараттық порталымызға орналастырылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *