Басты бет > Саясат > Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. 

Комиссия қызметінің мақсаты – құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылатынын айтқан аймақ басшысы мәжілісте облыстық ішкі істер департаменті және жергілікті полиция қызметі бастықтарының 9 айлық есебі тыңдалатынын жеткізді.

Бірінші болып сөз алған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов тоғыз айда департамент тарапынан облыс аумағында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу бағытында бірқатар нақты іс-шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті.

«Жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде облыс аумағында орын алған жалпы қылмыстық құқықбұзушылықтардың саны 13,6 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, жекелеген қылмыстың түрлері де азайған. Жалпы ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылымы 5,4 пайызға және басқа да қылмыс санаттары мен түрлерінің ашылымы жақсарып келеді»,-деді Ж.Сүлейменов.

Мұнан соң, жергілікті полиция қызметі – облыстың қылмыстылық жағдайын төмендетуді басты мақсатқа қойып отырғанын айтқан облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Абдығани Сейдуалиев облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында нақты іс-шаралар жүзеге асырылғанын айтты.

Мәселен, қоғамдық тәртіпті сақтау, жасөспірімдер  қылмысының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі құқық қорғау органдарымен бірлесе жергілікті полиция қызметі 22 әртүрлі («Құқықтәртібі», «Қадағалау», «Жасөспірім» «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Абайлаңыз балалар» т.б.) кең-көлемді  жедел алдын-алу шараларын ұйымдастыған.

Аталған іс-шаралардың нәтижесінде облыстағы жедел жағдай тұрақты болып, қылмыстар саны төмендеген. Атап айтар болсақ, жалпы қылмыстардың саны 13,6 пайызға, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау 12,4 пайызға, мал ұрлығы 18,8 пайызға  төмендеп отыр.

Мәжілісте баяндамашыларды тыңдаған аймақ басшысы отырыста облыс халқының әр біріне қатысты, маңызды мәселелер талқыланғанын айтып, қылмысты болдырмау бір құқық қорғау органдары ғана емес барлығымыз қоғам болып бірлесе жұмыс атқару қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, әкім қылмысты болдырмау үшін жасақталаған алдын алу іс-шаралардың тиімділігін зерделеп, жаңа әдіс-тәсілдерді әзірлеу  бойынша тапсырмалар беріп, жауапты сала басшыларына ведомствоаралық комиссия жанынан жұмысшы топ құрылуын жүктеді. Сондай-ақ, ол жиын барысында айтылған кемшіліктер мен сын-ескертпелерді хаттамаға енгізіп, оң нәтижелі жұмыстарды атқаруды тапсырды.         

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.