Басты бет > Қоғам > Құқық: азаматтардың өзін-өзі қорғау құқығы

Құқық: азаматтардың өзін-өзі қорғау құқығы

Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртiбiн белгiлейдi. Жалпы тәртiпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесiн қорғау сот (төрелiк немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады. Азаматтық кодекстiң 9-бабы жалпы тәртiппен қатар әкiмшiлiк тәртiбiн де қарастырған. Әкiмшiлiк тәртiппен жүзеге асырылатын мнешiк иесiнiң құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесiнде зардап шеккен құқық иесi мүддесiн қорғауға орай тиiстi өкiлеттi органға берiледi. Кейбiр заңдарда аралас, яғни меншiк құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкiмшiлiк сот тәртiбiн қолданады. Мұндай жағдайда мүлiктiң меншiк иесi мен иеленушiсi сотқа шағымбас бұрын мемлекеттiк басқару органына шағымданады. Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншiк иесi мен оны иеленушiсiнiң мемлекеттiк және басқа құзыреттi органдарға бармай-ақ өз бетiмен қорғануын бiлдiредi. Азаматтық кодекстiң тұжырымдарында аталған әрекеттер “азаматтық құқықтардың өзiн-өзi қорғауы” ұғымымен байланысты (АК-тың 9-бабы) және меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бiр әдiсi ретiнде қаралады. Азаматтық құқықтың өзiн-өзi қорғауы өзiнiң заңдық табиғатында құқық қорғау әдiсi болып табылмайтын өзiндiк нысанын еншiлейдi деген пiкiр де бар. Мәселен, проф. А.П. Сергеев қорғанудың дербес түрiнде өзiн-өзi қорғау құқығы сот және әкiмшiлiк нысандарымен бiрдей қаралуы керек едi. Бiздiң де пiкiрiзше өзiн-өзi қорғау құқығына ешкiмнiң тиiспейтiндiгiн қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтiрiп, оның салдарын жоюға бағытталған өкiлеттi тұлғаның заң немесе шарт негiзiнде әрекет етуге жол берiлген азаматтық құқықты қорғаудың дебес нысаны болып табылады.

Медиаон ақпарат