Басты бет > Саясат > ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Фото Арыса Қаласы Әкімдігі.

Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімінің аппарат басшысы Анашбеков Талғат Әбдіқадірұлының төрағалығымен құқықтық оқыту отырысының жиыны өтті.
Жиынға қала әкімдігінің мекеме, бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер және ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты.


Құқықтық оқыту отырысында Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы, Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңын түсіндіру мақсатында қала әкімінің аппараты заң бөлімінің бас инспекторы Қуандық Ерғали Омарұлы баяндама жасады.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы төңірегінде ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Медиаон ақпарат

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі көмегімен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.