Басты бет > Қоғам > Құқықтық мемлекет — құқықтың басымдығы

Құқықтық мемлекет — құқықтың басымдығы

Құқық демократиялық қоғамға нұқсан келтіретін және оның прогрессивті дамуына кедергі жасайтын қайсыбір бассыздық, құқық бұзушылық, басқа да келеңсіз құбылыстардың көріністеріне қарсы тұруға қабілетті. Ол тұлғаның еркін дамуына ықпал етеді, өйткені, әлеуметтік еркіндік шаралары көрінісінің ең жоғарғы формасы алға шығады. Сондықтан құқыктык мемлекет қоғамдық. өмірдің ізгіліктік бастауларын нығайтуға шақыратын, бірден бір жоғары әлеуметтік құндылық болуымен қатар, адамның бостандығын, ар-намысын, абыройын қамтамасыз ететін және қорғайтын маңызды практикалық құрал. Өзінің құқықтары және еркіндіктері бар адам құқықтың басты және негізгі субъектісі болып табылады. Кейде ғалымдар құқықты алып жүруші азамат емес, мемлекет деген пікір айтып қалып жүр. Мұнымен келісу мүмкін емес. Қалай дегенмен де, мемлекет халықтың атынан сөйлеуші ғана. Өркениетті қоғамда мемлекет құқықтық саналып, тұлғаның құқығын және еркін қорғайды. Адамның құқығы мен еркіидігі мемлекеттің, үкіметтің берген тартуы (сыйы) емес, керісінше, әрбір адамның, кез келген тұлғаның еркін ажырамайтын сапасы (қасиеті). Халық — мемлекет пен үкімет және заң үшін өмір сүрмейді, керісінше мемлекет пен үкімет және құқықтық заң халық үшін тірлік етеді. Азаматтың құқығы мен бостандығын жариялау, оларды заңда бекіту маңызды. Бірақ сол құқық пен бостандықты қамтамасыз ету одан да маңыздырақ. Адамның құқығы мен бостандығына кепілдікті қамтамасыз ету сол адамның құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқандығының айқын айғағы. Құқықтық мемлекет құқықтың басымдығын, құқықтық заңның бәрінен жоғарылығын, халықаралық құқықтың артықтығын, таптық, ұлттық, жергілікті шектелген құндылықтардан жалпы адамзаттық, құндылықтардың басымдығын ұйғарады. Егер халықаралық құқық осы құндылықтарды мойындап, бекіткен болса, онда мемлекет өз ішінде қабылданған құқық нормаларын тек бекітумен шектеліп қалмай сөзсіз оған кепілдік те беруі тиіс.

Медиаон ақпарат