Басты бет > Жастар > Құстар фестивалі – жастардың көзімен

Құстар фестивалі – жастардың көзімен

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр кез жастармен кездесуінде – «ХХІ ғасыр – әлемнің, елдің және өз отбасының тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына ала білетін талантты жастардың ғасыры», – деп айтып келеді. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы жастарының саны жағынан еліміздің көш басында 800 мыңға жуық жасымен ерекшеленіп тұр. Оның ішінде оқушысы мен студенті, ересегі мен жасөспірімі, өнерлісі мен өнертапқышы, жеңімпазы мен жеңіске ұмтылуышары, бәрі бар.

Облыстың жан-жақты, белсенді жастарының алаңына айналған «Жастар ресурстық орталығы» бүгін өз өнерпаздарының қойылымын ұсынды. Халықаралық театр күніне орай ұсынылған спектакль Д.Исабековтің «Құстар фестивалі» фарс-комедиясы желісінде жазылған. Өңіріміздегі жастардың қабілеттіерін ашып, қызығушылығына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шарада орталық жанынан құрылған театр үйірмесінің оқушылары сомдады. Спектакль адамзат пен қоғам пайда болғаннан бері кеңінен орын алған теңсіздік, әлділердің әлжуаздарды билеп-төстеуі, соның нәтижесінде туындайтын пендешіліктің адами қасиеттермен тартысы жайлы. Аталмыш пьесаны Дулат Исабеков осыдан 24 жыл бұрын жазған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.