Басты бет > Хабар > Құрметті, Малика Абдалиева туылған күніңізбен!

Құрметті, Малика Абдалиева туылған күніңізбен!

Құрметті, «MEDIAON» ақпараттық агенттігінің директоры-бас редакторы және «Зияткер ON» педагогикалық, тәлім-тәрбиелік, әдістемелік басылымының құрылтайшысы-директоры: Малика Абдалиева Махамбеткәрімқызы –  сізді бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт, шығармашылығыңызға толағай табыстар тілейміз. Халықтың һәм құлағы-көзі болатын бұқаралық ақпарат құралдарының арасында –  біздің редакциямыздың абыройы мен атағын әрдайым жоғарлатып келесіз! Осы бетіңізден таймай, еліміздің өркендеп өсу жолында, газетіміз бен ақпараттық агенттігіміздің даңғыл жолын салуда, салмақты үлесіңіз бен ұтымды шешімдеріңіз жеңіске жетелесін. Өрге өрлейтін өмір, ұлы өмірді жеңетін уақыт, ешкім, ешқашан көрмеген бақыт, әрқашан орындалатын арман тілейміз. Өмірде бақытты болыңыз! Қызметіңізде табысты болуыңызға тілектеспіз! Аспаныңыз әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңізге шын жүректен тілектеспіз. Алдағы мақсатыңыз бен аңсаған арманыңызға жете беріңіз! Жыл сайын жаңа бастамалар мен жобалардың жетекшісі болып, ұжымымыздың қамқоршысы болып жүре беріңіз!

«MEDIAON» ақпараттық агенттігі және «Зияткер ON» басылымының ұжымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.