Басты бет > Мәдениет > Шымкент рухани жаңғыру: Қызыр мұнарасы, ХІХ ғ Суреті

Шымкент рухани жаңғыру: Қызыр мұнарасы, ХІХ ғ Суреті

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Сайрамсу өзенінің бойында, Шымкент қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қысқаша анықтамасы: Сайрам орталығында салынған ортағасырлық көне мұнараның қалдығы күні бүгінге дейін сақталған. Мұнара Х ғасырда тұрғызылған. Мұнарадан оңтүстікке қарай үш жарым шақырымға созылатын жер асты жолы бар. Мұнараның бір бөлмесінде жер асты жолына түсетін есік болған. Бұл мәліметті көпке дейін елден жасырып, құпия ұстап келген.Мұнара ішінде бұрылым бұрылым баспалдақ болған.
Аңыз-әңгіме: Ел әңгімесімен тарихи деректерде ол қиямет-қайымға дейін өмір сүрген.Хызр (Қызыр) шын аты Ілияс ибн Мәлкән ибн Әмир ибн Шалих ибн Арфахшид ибн Сам ибн Нұх екен.Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, қала ортасынан үлкен мұнара мен мешіт тұрғызып, оны пайғамбар құрметіне «Қызыр» мұнарасы деп атаған екен.Көзі ашық, көңілі ояу дін иелері Хызр (Қызыр а.с.)-ды көзі тірі пайғамбарлардың бірі деп есептеген.Оның Хызр аталу себебі, ол отырған жердің түсі әп-сәтте жасылға айналады екен. Жасыл түс пен жер дүниенің көктеп, гүлдеуін араб тілінде «хезраъ» деген.Хызр мұсылмандар арасында су пайғамбары ретінде танылған. Қызыр ислам дініндегі пайғамбарлардың бірі. Кей халықтарда ол теңізге сапар шегушілердің қамқоршысы деп есептелсе, сондай-ақ өрттен, су тасқынынан, ұрлықтан, жылан шағудан сақтайтын пір деп те есептеледі. Сонымен қатар жыр мәтіндерінде Қыдыр атамен Қызыр ата, Ілияс есімдері дербес үш тұлға ретінде аталады («Қызыр ата, қырық шілтен; Қыдыр менен Ілияс; олар да болсын жолдасың» немесе «Қызыр, Ілияс жар болып, Қыдыр ата қолдасын»). Осыған байланысты «Қыдыр» мен «Қызыр» (Хадир, Хидр, Хизр) бейнелерінің екі түрлі мифтік бастаудан өрбіп, уақыт өте, есімдерінің сыртқы ұқсастығына және мифтік сәйкестігіне қарай бір бейне ретінде түсіндірілгенін топшылауға болады. Қызыр көбіне-көп батырлық жырларда аталады, батырлар одан демеу, қолдау күтіп, атын атап шақырады.  Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қызыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қызыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай,қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қызыр болып шығуы мүмкін).