Басты бет > Хабар > ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУШЫЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРТІПТІК ІСТЕР ТӨМЕНДЕГЕН

ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУШЫЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТӘРТІПТІК ІСТЕР ТӨМЕНДЕГЕН

Бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Айбек Шілманов пен облыс әкімінің кеңесшісі – облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев өздері жетекшілік ететін салаларда атқарылған жұмыстардың 6 айлық қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Кездесу барысында Айбек Ақбергенұлы 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 956 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жарияланғандығын мәлімдеді. Оның 501-і (53 %) жеңімпаз ретінде анықталып, меритократия принциптеріне сәйкес, 179 (36 %) жеңімпаз төменгі лауазымнан жоғары лауазымға тағайындалған. 

«Ұлт жоспарының 4-қадамына сәйкес, облыс бойынша 505 жаңадан тағайындалған қызметшілер 3 ай сынақ мерзімінен сәтті өтті. 2017 жылдың І жарты жылдығында қызметшілердің барлығы тағылымдамадан өтті», – деді А.Шілманов.

Сонымен бірге, басшы міндетін атқарушы Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысына тоқталып, 2016, 2017 жылдардың есептік кезеңдеріндегі аталған кеңес жұмысының статистикалық мәліметін салыстырды. Оған сәйкес, сыбайлас жемқорлық және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын алдын-алуға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асырылуына байланысты қаралған тәртіптік істер 26%-ға төмендеген.

Мұнан соң, сөз алған облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев осынау жарты жылдық ішінде мемлекеттік қызметшілер мен басқа да азаматтардан 10 арыз түсіп, өтініш иелеріне жауаптары жолданғанын жеткізді. Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауында 11 адам болып, жазған арыздарына заң талаптарына сай тексеру жүргізіліп, жауаптары берілген.

«Әдеп жөніндегі уәкілге сымтетік арқылы 6 адам хабарласып, олар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің дөрекі мінез көрсеткеніне, Азаматтық құқықтарының бұзылғанына және ауылдық округ әкімі тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалмауына қатысты шағымданды. Сондай-ақ, азаматтар ауылдық округ әкімінің қызмет сапасына, ауылдағы тұрғындар арасындағы моральдық-психологиялық ахуалдың төмендігіне, сонымен бірге, қала әкімінің жеке қабылдауына кіруге көмектесуін сұрады. Бұл өтініштердің барлығына сол уақытта тиісті жауапты мемлекеттік қыметшілермен хабарласа отырып шешімін тапты. Кейбір қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді» – деді Ә.Әлішев.

Мұнан бөлек, Әдеп жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен арыздардың 8-і құзіреттілікке байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментіне жіберіліп, біреуі бойынша қозғалған тәртіптік іс Әдеп кеңесінің сотырысында қаралған. Нәтижесінде, тиісті мемлекеттік қызметкерге «қатаң сөгіс» беріліпті.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.