Басты бет > Мәдениет > Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысына сын айтқаны үшін ұсталмаған – адвокат

Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысына сын айтқаны үшін ұсталмаған – адвокат

42
views

Адвокат Бишимбаева заявил, что его подзащитный не признает вины и не критиковал президента

 Алматыда экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты баспасөз мәслихатын өткізіп, БАҚ-та тарап жатқан ақпараттар туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Бишімбаевты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа сын айтқаны үшін қамауға алды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы vlast.kz-ке сілтеме жасап «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды.

«Ағымдағы айда БАҚ-та Бишімбаевтың мемлекет басшысының атына сын айтқаны туралы ақпараттар тарады. Қорғалушым ешқашан ондай іске бармаған. Ол мемлекет басшысына өзіне жасаған барлық жағдайлары үшін алғыс ғана айтады», – деді адвокат Сәлімжан Мусин.

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қаңтардың 10-күні қамауға алынған болатын. Қамау мерзімі мамыр айына дейін ұзартылған.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *