Басты бет > Саясат > ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау бойынша Шымкентке вице-министрлер келді

ҚР Президентінің Жолдауын насихаттау бойынша Шымкентке вице-министрлер келді

40
views

ҚР Президентінің халыққа Жолдауын насихаттау бойынша Шымкентке республикалық ақпараттық-насихат тобы іс-сапармен келді. Сол топтың бірінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев пен ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова бар. Мәртебелі қонақтарды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова бастап алып жүрді.

Үшінші мегаполистің жұмыспен қамту жүйесі қалай жұмыс істейді? Ал әлеуметтік қорғау барысында қандай ілгерілеушілік бар? Осы салаға жауапты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарманың басшысы Ғалымжан Балтаев вице-министрлерге Шымкент қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын таныстырды. Мұнда қала халқына қызметтің 780 түрі цифрлық форматта көрсетілсе, оның 24-і жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына тиесілі мемлекеттік қызмет түрі.

Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету залында 83 маман жұмыс істейді. Мұнда бір күнде келушілер саны 1 600-ге жетеді. Тағы бір артықшылығы, халыққа қызмет көрсету орталығында цифрлық сауаттандыру бойынша тегін оқытатын кабинеттер ашылған. Мұнда кез келген қала тұрғыны электронды қолтаңба ашу және жабу, үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді алу, еnbek.kz порталынан жеке кабинет ашу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша өтетін сабақтарға қатыса алады.

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев журналистерге берген сұхбатында қызмет сапасына жоғары баға берді.

– Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталығында цифрландыруды дамыту жақсы жүйеге қойылғанын байқадық. Тіпті, мұндағы ілгерілеушілік Астана мен Алматы қалаларынан да жақсы көрсеткішке ие бола алады, — деді вице-министр.

   

Вице-министрлер бұдан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің басқармалары және оларға қарасты орталықтардың қызметкерлерімен жүздесіп, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жайында пікір алмасты.

   

ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова Елбасы Жолдауы аясында «Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға көшіру мәселесі» туралы баяндады. Алдағы уақытта Президенттің тапсырмаларын сала мамандарымен бірге атқаруға шақырды. Ал вице-министр Нариман Нұрланұлы ашықтық саясатын алға тарта отырып, мамандарға кез келген сұрақтар бойынша әлеуметтік желі арқылы да жауап беруге дайын екенін еске салды.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *