Басты бет > Саясат > ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Шымкентке іс-сапармен келді

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Шымкентке іс-сапармен келді

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі берген тапсырмаларын насихаттау бойынша ҚР Парламенті сенатының депутаттары Д.Сатыбалды және Н.Бекназаров Шымкентке ic-cапармен келдi. Сенаторлар алдымен Сәуле шағынауданындағы №129 мектептiң тыныс-тiршiлiгiмен танысты. Оқу орны 2017 жылы пайдалануға берiлген.

Сенат депутаттары мектептегi қауiпсiздiк жүйелерi, асхана, спорт, мәжiлic залын аралап көрдi. Сондай-ақ, бiлiм сапасы, мұғалiмдердiң жалақысы мәселелерiнен хабардар болды.

Парламент Сенатының депутаттары Н.Бекназаров пен Д.Сатыбалды бұдан кейін Қонаев даңғылының жалғасы бойынша салынып жатқан Бадам өзенiндегі көпірдің құрылысымен танысты. Қонаев даңғылы мен Ташкент бағытын жалғайтын жол құрылысының 3 кезеңі басталған. Соның бiрi – осы Бадам өзенiндегi көпiр құрылысы. Жобаның жалпы құны – 21 млрд теңге.

Сенаторлар көпiр құрылысының барысымен танысып, аралап көрдi. Халық қалаулылары “Нұр Отан” партиясының сьезiнде, Елбасы Жолдауында айтылған мiндеттердi атап өтiп, құрылыс барысы заң аясында жүруi тиic екенін айтты. Сондай-ақ, қалада құрылысы жүрiп жатқан А 2 ескi айналма жолы, Қызылорда бағытындағы жол құрылыстарының жұмысымен танысты.

Медиаон ақпарат