Қоғамдық кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылады

0

Бүгін Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерінің Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы ақпараттық-насихаттық жұмысты жүргізу бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткен жиында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы — ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов қоғамда жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудың маңызы туралы әңгімеледі.

— Биыл елімізде «Қоғамдық бақылау туралы»  заң қабылданды. Бұл Қоғамдық кеңестер қызметінің маңызын арттыра түсті. Біз қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып қоғамда жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға үлес қосуымыз керек, — деді ол.

Сондай-ақ, кездесу барысында Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев те сөз алып, кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

Мұнан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанындағы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Шымкент қаласындағы еріктілермен де кездесу өткізіп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жастармен еркін форматта пікір алмасып, олардың сауалдарына жауап берді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *