Басты бет > Мәдениет > ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛУШІЛЕР ДАРБАЗА ҚАҚПАСЫ АРҚЫЛЫ КІРЕ АЛАДЫ

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛУШІЛЕР ДАРБАЗА ҚАҚПАСЫ АРҚЫЛЫ КІРЕ АЛАДЫ

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы  Мүсәлла, Тәкия қақпалары маңы мен  “Түркістан тарихы” музейі және Ардагерлер аллеясы аумағын абаттандыру мақсатында дренаж жұмыстары жүруде. Мердігер –  “Базис – А” құрылыс компаниясы.

ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында дүниежүзіндегі “Мәдени мұра” тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.
Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 88,7 га. Қорық – мұражай Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен бірге Үлкен қылует (жер асты мешіті, XII ғ.), Сегіз қырлы кесене (XIV-XVI ғғ.), Ұлықбектің қызы, Әбілхайыр ханның зайыбы Рәбия Сұлтан Бегім кесенесі (XV ғ.), Шығыс моншасы (XVI-XVII ғ.), Есімхан кесенесі, Жұма мешіті т.б. археологиялық, тарихи, сәулет және бейнелеу өнерінің үздік ескерткіштерін қамтиды.
Қорық – мұражай құрамына кіретін тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын «Қазқайтажаңарту» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда.

Осы орайда, “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне келуге туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім өтіне отырып тамыз-қазан айлары аралығында Есімхан алаңы тұсындағы Дарбаза қақпасы арқылы келе алатындықтарыңызды ескертеміз.

Медиаон ақпарат