Басты бет > Мәдениет > Шымкент рухани жаңғыру: Қарашаш ана кесенесі ХІІ-ХУІІІ ғғ.

Шымкент рухани жаңғыру: Қарашаш ана кесенесі ХІІ-ХУІІІ ғғ.

Жоба бойынша төртбұрышты бір бөлмелі кесененің кіре-беріс қасбеті оңтүстік-батысқа қаратылған. Шатыр үстінде кішкене күмбез орнатылған. Ескерткіш өзінің басты композициясымен ерекшеленеді. Ғимарат пақсадан терең емес құйылған, іргетастан тұрғызылған. Дуалдары күйген кірпіштен тұрғызылған, сыланбаған. Күмбездің конструкциясы аркаға ұқсас дөңгелекше болып, биік орнатылған. Баспанасы шатыр үсті тегіс құйылған. Екі қас-беті оңтүстік-батыс пен оңтүстік -шығыс қасбеттері бірдей құрылған. Орталық ішкі залдың көлемі (ішкі жағынан 3х3м). Жоба бойынша кесененің көлемі: 7,0 х 6,50 м., биіктігі 9,30 м. Халық аңызына сүйенсек, бұл кесене атақты ақын түркі дүниесінің ұлысы Қожа Ахмет Йассауидың анасын жерлеген жерінде тұрғызылған деседі. Кесененің тарихы бойынша нақты мәліметтер жоқ. 2006 жылы ОҚО әкімдігінің “Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы натуралық зерттеу жүргізді. 2008 ж. қайта зерттелді. ХХ ғасырда жергілікті мұсылмандардың қаржысымен реставрация жасалған, құммен қайта сыланып, солтүстік -батыс қасбетінде аздап жұмыс жүргізілген. Жоба бойынша төртбұрышты бір бөлмелі кесененің кіре-беріс қасбеті оңтүстік-батысқа қаратылған. Шатыр үстінде кішкене күмбез орнатылған. Ескерткіш басты компазициясымен ерекшеленеді.
1.Ескерткіштің атауы: Қарашаш ана кесенесі
2.Типологиялық тиістілігі: Қала құрылысы және сәулет
3.Ескерткіштің уақыты: ХІІ-ХУІІІ ғғ.
4.Ескерткіштің тұрған жері: Сайрам тұрғын алабының орталығында орналасқан
5.Тарихи мәліметтер: Ғимарат авторы мен құрылысшылары жөнінде мәліметтер жоқ
6.Ескерткіштің бастапқы тұрпатын өзгерткен қайта құрулар мен бүлінділер: Ескерткіш бастапқы қалпын сақтағанымен, уақыт өте ескіруде
7.Ғылыми қалпына келтіру жұмыстары: 2008 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген
8.Ескерткіштің қоғамдық, ғылыми-тарихи және көркемдік маңыздылығының жалпы бағасы: ХІІ-ХУІІІ ғғ. қаланған сәулеттік мәні бар ескерткіш
9.Негізгі библиография, архив деректері, иконографиялық материал:
ҚР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында сақтаулы
10.Техникалық жай-күйі: жақсы
11.Ескерткіш мәртебесі: Республикалық маңызы бар
12.Қорғауға алынған күні: 26.01.1982 жылы № 38
13.Қорғау аймағы мен жаңа құрылысты реттеу аумағының шекарасы: Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес 20м.
Ұсыныс: Реставрация жасау, айналасын абаттандыру