Басты бет > Саясат > «Қалтадағы ХҚО» акциясы Түркістан қаласында өтті

«Қалтадағы ХҚО» акциясы Түркістан қаласында өтті

«Азамматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалның Түркістан қалалық мамандандырылған бөлім қызметкерлері «Қалтадағы ХҚО» атты акциясын Түркістан облысы, Түркістан қаласының «Сауран» автокөлік сату базарында өткізді.
Облыс орталығынан бастау алған Акция барысында корпорация қызметкерлері автокөлік сату және сатып алуға келушілерге электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен автокөліктеріне «Азамматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан көлік құралдарын есепке алу және есептен шығару, жүргізуші куәліктеріне онлайн тапсырыстар беруді, сондай-ақ Телеграмм жүйесінде EgovKzBot, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу жолдарын үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты.
Акцияға қызыға қатысушылар саны бұрынғыдан да арта түсті. Сонымен қатар жүргізушілер онлайн-қызметтер алудың жолдарын үйрене отырып, өздеріне қажетті анықтамаларын, электронды үкімет порталы туралы көптеген сұрақтарына ұтымды жауаптар алды.
«Қазіргі таңда Республикамызда 742 мемлекеттік қызмет түрі бар болса, соның 531 электронды үкімет порталы арқылы өтеді. Осы себепті халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында корпорация тарапынан осындай акция, оқыту семинарларын көптеп өткізудеміз. Соның арқасында өңірімізде электронды түрде қызмет алушылар саны артты. Алдағы уақытта бұл іс-шара облысымыздың басқа да аудандарын қамтитын болады»,- деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының Түркістан қалалық мамандандырылған бөлім басшысы Бағдат Надиркулов.
Айта кетейік, жыл басынан бері мобильді азаматтар базасында 422772-нан астам түркістандық тіркелген. Ал Түркістан облысы мамандандырылған ХҚО жыл басынан осы күнге дейін 69808 автокөлік тіркеу және 9391 жүргізуші куәлігіне өтініш қабылдаған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.