Басты бет > Саясат > ҚАЙ СӨЗІҢІЗГЕ СЕНЕЙІК, ҚАЙРАТ ӘКІМ?

ҚАЙ СӨЗІҢІЗГЕ СЕНЕЙІК, ҚАЙРАТ ӘКІМ?

Ертең сағат 16:00-де, Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысын тағайындау ішкі конкурсы өтетін болды. Біздің таңқалғанымыз, білім бөлімін басқаруға заңбұзушы Бауыржан Майриховтың да дәмесі зор екен! Үміткер болып, әшейін заңбұзушы емес, сыбайластық сипаттағы заңбұзушы Бауыржан Майрихов қалай тіркелді, әкім мырза? Осыдан екі ай бұрын кабинетіңізде, Бауыржан Майриховтың өзінің көз алдында, оны білім бөліміне мүлдем жақындатуға болмайтын адам екенін айтқан едім!! Сосын, оның прокуратурамыз бен облыстық тәртіптік кеңестің ұсынысымен атқарып отырған қызметінен былтыр босатылғаны туралы “Ухит-сухит Майрихов пен Мұхит немесе Сарыағаш “районосы” сыбайластардың инкубаторы ма?” деген мақала да жарияланды. Ол аз болса, Бауыржан Майриховтың қызметіне қайта жайғасу үшін, сотты адастыру мақсатында істетіп алған “левый больничныйына” қатысты қозғалған қылмыстық істің, біздің мұрындық болуымызбен, қайта жанданып, тергеу қайта басталғаны туралы “фейсбук”, “ватсап” әлеуметтік желілері арқылы жарияға жар салып жатырмыз! Яғни, Бауыржан Майриховтың қазіргі таңдағы қызмет атқарып отырғаны да өте күмәнді! Осының бәрін біле тұра, оның үміткер болуына жол бергеніңіз қалай? “Сыбайластыққа жаным қас, мүмкінідігімше орын алмауына жұмыс жасаймын, орын алған жағдайда ондайды ренішпен қабылдаймын!” дегеніңіз қайда?!? Қай сөзіңізге сенейік сіздің, әкім мырза?

“Сарыағаш-информ” газеті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.