Басты бет > Мәдениет > ҚАЗЫҒҰРТТА ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

ҚАЗЫҒҰРТТА ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ.

40
views

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өңіріміздің аудан, қалаларында өтіп жатқан «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Қазығұрт ауданында жалғасын тапты.

Фестиваль қонақтары мен қазылар алқасын Шымкент – Ташкент күрежолының бойындағы Қазығұрт жотасында «Қазығұртым» әнімен қарсы алған өнерпаздар аңызға айналған киелі жердің қадір-қасиетін өлеңмен айшықтап,  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Жаншуақов «Нұқ» кемесінің символдық макеті орналасқан аймақты таныстырды. Туризм саласын дамыта отырып,  мұнда келушілерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында жол жөнделіп, абаттандыру жұмыстары қолға алынғандығын жеткізген қазығұрттықтар Атбұлақ ауылындағы Қазақстанның киелі жерлері тізіміне енген Ақбура әулие мен Тұрбат елдімекеніндегі орта ғасырларда Қожа Ахмет Ясауидің діни ілімін жалғастырып, елді ізгілікке баулыған Ысмайыл ата кесенесінде  тарихи деректер жөнінде мәлімдеп, құран бағыштады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру»   бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған фестиваль барысында аудан орталығындағы алаңда білім ұяларындағы қолөнер үйірмелерінің қатысушылары жасаған бұйымдардан көрме ұйымдастырылып, 500-ден аса туындылар қойылса, аудандық Мәдениет сарайында қолөнер  шеберлерінің көрмесі және клуб қызметкерлерінің атқарған жұмыстары жайлы стендтер орналастырылды.
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі  гала-концертке ұласып, 100-ге жуық аудан өнерпаздары түрлі жанрларда өнер көрсетті.
Фестиваль  аудандық мәдениет Облыстың мен клуб меңгерушілері және өзге де қызметкерлердің қатысуымен баспасөз конференциясында қорытындыланды.
Айта кетсек, Қазығұрт ауданы бойынша 1 мəдениет сарайы,7 ауылдық мəдениет үйі,15 клуб халыққа мәдени қызмет көрсетеді. Аталған мекемелердегі 53 үйірмеде 752 қатысушы шыңдалуда.

М.Сабыр

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *