Басты бет > Мәдениет > Қазығұрттағы Наурызда 500 атпен флэшмоб жасалды

Қазығұрттағы Наурызда 500 атпен флэшмоб жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл Наурыз мерекесі ерекше аталып өтілді. Күллі тіршілік, өмір бастау алған Нұх пайғамбардың кемесі қалған қасиетті Қазығұрт тауының баурайында өтті. Түрлі қойылымдар мен концерттер ел мерейін үстем етті.

Елбасымыз ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасы аясында шаралар ұйымдастырылды. Тіпті «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы символикалық құстың Астанадан ұшып, Қазақстан жерін аралап, Оңтүстік Қазақстан облысына келіп, Қазығұрт тауының басына қонуы көпшілікке 3D форматта лэд экранда көрсетілді. Кейін тауға қонған құсты 500 атты адам Қазығұрт тауының бөктерінде жалаушалармен бейнеледі. Тау етегінде көрсетілген қойылымға 550 адам мен 500 ат қатысты. Бұл композиция Н.Бейсеқожаевтың «Рухани жаңғыру» әнімен сүйемелденді.

Айрықша театрландырылған қойылымдармен көмкерілген мерекеде Дихан баба шақырылып, қыс кетіп көктемнің келуіне орай  гүлдің ішінен Көктем  қыздың шығуы көрсетілді. Сондай-ақ, 500-ге жуық көгершін көкке ұшырылды. Осылайша ұлық мереке қасиетті тайда ұлықталды.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.