Басты бет > Спорт > Қазақстан-Үндістан ұлттық құрама командасының бірлескен оқу-жаттығуы өтті

Қазақстан-Үндістан ұлттық құрама командасының бірлескен оқу-жаттығуы өтті

Таяуда Германияда бокстан халықаралық чемпионат өтеді. Осыған байланысты, Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінің базасында қыздар арасында жасөспірімдердің Қазақстан-Үндістан ұлттық құрама командасының бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Дайындық жұмыстарын көруге барған облыс әкімінің кеңесшісі, профессор Саттар Мәжитов үнді, ағылшын тілдерінде тілдесіп, спортшы қыздардың жағдайы туралы сұрап білді.

Үндістандық спортшылармен болған шағын сұқбаттың нәтижесі – бүгінде боксшылардың жағдайы жан-жақты жасалуда. Оларға, тіпті, аталған спорт кешені қонақ үйінің аспаздары арнайы үнді тағамын әзірлеп, баптап жатыр. Бұл ретте, шетелдік қонақтар Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жетекшілігіне дән риза. Көрсетіліп жатқан құрмет пен қонақжайлылық үшін спортшылар облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа да алғысын жаудырды.

Үндістан құрама командасының бас бапкерінің мәлімдеуінше, кейінгі уақытта, қыздар арасында Қазақстан құрамасының Азиядағы алдыңғы қатарлы команда екені айтылып жүр. Осыны ескерген мамандар оқу-жаттығу жиынын Қазақстан құрамасымен бірлесе өткізуге Шымкентке келіпті. 10 тамызға дейін тиісті дайындықтан өтетін боксшы қыздар күнгейдегі қонақжайлылықтың естен кетпейтінін айтады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.