Басты бет > Хабар > Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздер

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздер

Әкімшілік құқық – ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда аталады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жарияланған жағдайда әкімшілік құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік оргындардың құқықтық жағдайы реттеледі.

Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатнастарды:

–  мемлекеттік атқарушы оргындардың құрылуымен байланысты қатнастарды;

– әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік оргындардың азаматтар, мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;

– әкімшілік құқық бұзушылықты жатқызуға болады.

Әкімшілік құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған “әкімшілік құқық бұзушылық” кодекісі және басқа да құқықтық-нормативтік кесімдер жасайды.

Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз заң шығарушы, атқарушы органдар орнататын, рұқсат етілген іс-қимылды және атқару билігіндегі қоғамдық қатнастарды реттейтін ережелер.

Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұны бойынша: материялдық, процессуалдық, ал субьектілердің іс-қимылына әсер ету тәсіліне қарай: міндеттеу, тыйым салу және өкілеттік беру түрлеріне бөлінеді. Сонымен әкімшілік – құқықтық қатнастар деп мемлекеттік басқару саласындағы әкімшілік- құқықтық нормаларымен реттелген қатнастарды айтады. Бұл қатнастарға қатысушы тараптардың бірі әдетте мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болады.

Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқарушы оргындардың басқарушы – жарлықшы қызыметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы.

Атқарушы  билік  мемлекетті  басқару  органдары  жүйесінен  тұрады , ал  бұл  жүйеге   Үкімет,  министірліктер,  мемлекеттік  комиттетер  мен  мекемелер,  жергілікті  атқарушы  органдар,  мемлекеттік   кәсіпорындар  және  мемлекеттік  әкімшіліктері  жатады.

Медиаон ақпарат