Басты бет > Хабар > Қазақстан Республикасындағы азаматтардың конституциялық еңбек құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы не білеміз?

Қазақстан Республикасындағы азаматтардың конституциялық еңбек құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы не білеміз?

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы Конституциясы еңбек қатынастары жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізді, азаматтың жəне адамның еңбекке деген құқықтары мен еркіндіктері түсінігінің мəртебесін айқындады жəне бұған Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабын талдай келе көз жеткізуге болады. Ата Заңның 24-бабының 1- тармағына сəйкес: «Əрбір адам еңбек еркіндігіне, мамандық жəне қызмет түрін еркін таңдауға құқылы. Еріксіз еңбекке тек сот үкімі бойынша, яки төтенше немесе əскери тəртіп жағдайында жол беріледі». Конституцияның 24- бабының 1- тармағында бекітілген еңбек еркіндігі құқығы, өз бетімен өзінің еңбек мүмкіндіктерін басқару, қызмет түрі мен мамандықты таңдау, тек қана əркімнің өз құқығын түрлі жолдармен ерікті қалауын білдірген кезде жүзеге асады, еңбек келісім шарты бойынша жалдау, кез келген жеке меншік түріндегі ұйымдарда, əскери жəне мемлекеттік қызметті атқару, арнайы білімі жоқ заңды тұлға немесе шаруашылық серіктестік қатысушысы, өндірістік кооператив немесе шаруашылық (фермерлік шаруашылық) мүшесі, сонымен қатар азаматтық- құқықтық келісім шарттар шеңберінде (авторлық келісім шарт, мердігерлік келісім шарт, тапсырма келісім шарты жəне т.б) кəсіпкерлік қызметпен айналысу əрбір тұлғаның еркіндігін қамтыған. Азамат шаруашылық серіктестіктің негізін қалаушылардың бірі бола отырып, өзінің еркін білдіріп құрылтай келісім шарты жасалуына қатысады. Қазақстан Республикасы Конституциясы құрамына еңбек қызметі саласындағы адам құқықтары мен бостандықтары кіретін адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтары мəселелеріне жəне ең алдымен, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін конституциялық нормалар мен адам құқығы саласындағы халықаралық құқық нормаларының арақатынасына үлкен мəн бөледі. Қазақстан Республикасындағы адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының шығу тегін талдай отырып, Г.С.Сапарғалиев адам құқығы саласында Қазақстан Республикасы Конституция толығымен жалпы қабылданған нормалардың Халықаралық құқығынан шығады.

Медиаон ақпарат