Басты бет > Жастар > “Қазақстан жастар Конгресі” мен облыстық “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен жастар арасында үстел теннисінен кіші турнир өтті.

“Қазақстан жастар Конгресі” мен облыстық “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен жастар арасында үстел теннисінен кіші турнир өтті.

Фото Облыстық Жастар Орталығы.Турнирге әлеуметтік желідегі хабарландырулар арқылы 50-ден астам жас қатысуға ниет білдіріп, 32 жас сайысқа түсті. Алғаш рет өтіп жатқан сайысқа өңіріміздің намысын қорғап жүрген жеңімпаздарымыз да қызығушылық танытып, жастарға қолдау көрсетті.
Сайыстың үздік ойыншылары «Shymbike» велосипедпен жүру жүйесіне 1 жыл тегін жүруге, қаламыздағы үздік бассейндердің біріне 1 жылдық абонементке және спорттық сrossfit залына 1 жылдық абонементке ие болып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.


Алғашқы жеңімпаздарымыз: Жамал Бекұлан, Досхан Өркен және Мақсат есімді қала тұрғындары.

Алдағы уақытта мұндай шаралар демеушілер мен жастар ұйымдарын тарту арқылы, дәстүрлі түрде ұйымдастыру жоспарлануда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.