Басты бет > Қоғам > Қазақстандағы азаматтық құқықтық қатынастар

Қазақстандағы азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттардың заңдарға қайшы келмейтін кез-келген жағдайларын белгілеуде ерікті. Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай келетін жағдайларды таңдауына мол мүмкіндік жасалады; Тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілібір мүмкіәндігін таңдауға ерікті. Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік сотрпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық әдістерді қолданылады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына өтініш жасау, құқық қорғау туралы талап арызбен сотқа шағымдануға кедергі жасамайды. Былайша айтқанда, сот бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиіс. Егер қандайда бір құқық әкімшілік жолмен қорғалса, онда ол заңға тікелей сүйенуі керек .Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа бірден жіберілмей, алдымен әкімшіліктің шешімін күтеді. Әкімшілік шешім қабылдағаннан кейін ғана оны сотқа беруге болады. Азаматтық кодекстің 9-бабының 1-тармағына мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану туралы азаматтық құқықтарды қорғаудың жаңа тәсілі енгізілген. Азаматтық кодекс қабылданғанға дейін көптеген құқық қолданушы органдар заңға сүйеніп жасаған құжаттардың сол заңға сәйкес келмегенімен іс жүзінде оның қолданылып келгеніне әрі мұндай заңсыз құжаттарды ешкімнің де теріске шығармағанына талай мәрте көз жеткізген болатын, ал осындай келеңсіздік көп қиындық келтірді;

Медиаон ақпарат