Басты бет > Саясат > ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

15
views

Бүгін Қажымұхан Мұңайтпасұлы атындағы халықаралық турнир басталды. Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадионның жеңіл атлетика спорт кешеніне жиналған 100-ден астам палуан өз арасындағы ең мықтысын анықтамақ.
Қазақтың даңқты балуаны Қажымұхан Мұңайтпасұлы кезінде 48 мемлекетте күресіп, алтын медаль иеленген екен. Жетпістен асқанша жауырыны жерге тимеген батыр бабаға құрмет ретінде қазақ күресімен айналысатын әрбір спортшы алдымен осы турнирге қатысып, мықтылығын дәлелдеуді дәстүрге айналдырған. 

Бүгінгі додаға қатысу үшін Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның таңдаулы спортшылары өтініш білдірген. Сонымен қатар, «Қазақстан барысына» қатысып, жүлде алған бес балуан да боз кілемде белдеседі. Олардың арасында Ұлан Рысқұл, Мұхит Тұрсынов, Жұманазар Ерсұлтанов сынды атақты спортшылар да бар. Жарыстың ашылуында сөз алған «Нұр отан» партиясының Шымкент қалалық филлиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың қазақ күресінің айнымас бренді екенін атап өтті. Жарты ғасырдан астам тарихы бар бұл турнирдың қазақ күресін дамытуға мол үлес қосып келетінін де тілге тиек етті. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы», профессор Ерғали Мухитдинұлы, ОҚО Қазақ күресі федерациясының президенті Полат Қырықбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев, Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов жарысқа қатысушы балуандарға бабы мен бағының қатар шабуына тілектестік білдірді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *