Басты бет > Мәдениет > Ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туылған күні

Ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туылған күні

9
views

Бүгін яғни 28 тамыз күні — халқымыздың салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі музей ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні.

Осыған орай белгілі қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туған күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде еске алу жиыны ұйымдастырылды.

Аталған жиыннан соң «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы және Түркістан қалалық Этнопедагогикалық колледж директоры әрі Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Айғаным Серім, қоғам қайраткерінің өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Адырбекова Баян Садыққызы және музей қызметкерлері Отырар ауданындағы кесенесіне барып құран бағыштады.

Өзекең тарихи-мәдени мұраларды сақтау, музейлендіру және айналасын көріктендіріп, абаттандырумен бірге оны пайдалану барысында барлық мұраның рухани төрбиелік мәніне, тарихи маңызына көңіл аударып отыратын жан болатын.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *