Басты бет > Хабар > ЭСТАФЕТА ТУЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

ЭСТАФЕТА ТУЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ТАБЫСТАЛДЫ

«Түркістан – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы «Адал жолды таңдаймыз» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон эстафетасы Түркістан қаласынан Кентау қаласына жолданды.

Жастар үшін ұйымдастырылған эстафетаны табыстау рәсімі өзгеше форматта өтті. Шараға жалпы 500 – ге жуық жастар қатыстырылып флешмоб пен патриоттық әндер шырқалды.

Басты мақсат – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Жиынның маңызды бөлігінде эстафета кітабын Түркістан қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Е.Досыбай Кентау қаласы әкімінің орынбасары С.Расулға, ал эстафета туын Кентаулық әріптесі Қ.Бекметовке салтанатты түрде табыс етті.

Жиын барысында белсенді жастар флешмоб биін биледі, өнерпаз жастар патриоттық әндерді орындады.

Айта кетейік, жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде.

Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтетін болады. Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтеді.

Медиаон ақпарат