Басты бет > Саясат > ЭСТАФЕТАНЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ТАБЫСТАДЫ

ЭСТАФЕТАНЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА ТАБЫСТАДЫ

44
views

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облыстық департаментінің басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев Бәйдібек ауданында іс-сапармен болды.

Бірінші кезекте департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылында орналасқан «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрыштамасының жұмысымен танысты. Одан кейін аудандық мәдениет үйінде «Адал жол – честный путь» эстафеталық марафонының Бәйдібек ауданында өткізілген қорытынды іс-шарасына қатысты. Жиында Бәйдібек ауданында ағымдағы жылдың 05 қазаннан бастап «Адал жол» марафоны аясында атқарылған түрлі іс-шаралар жөнінде дайындалған видеоролик көрсетілімімен басталып, аудан өнерпаздарының сыбайлас жемқорлық туралы қойылымы көрсетілді. Салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облыстық департаментінің басшысы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев сөз сөйлеп, жиналған көпшілікті жыл басынан өтіп келе жатқан шараның маңыздылығына тоқталып, аудандағы бірқатар азаматтарды департаменттің алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ шарада аудандық мәслихаттың хатшысы М.Нақыпбеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков сөз сөйледі.

Аудан әкімі Бақытбек Төленұлы Танагөзов сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталып, «Адал жол – честный путь» марафонының эстафетасын Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Қожахмет Мырзахметұлы Сармановқа салтанатты түрде табыстады.

Салтанатты шарадан кейін департамент басшысы ауданының активімен кездесу жиынын өткізді. Кездесу барысында сөз алған Ғ.Сұлтанұлы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. «Ұлт жоспарының алғашқы бағыты кәсіби мемлекеттік аппарат құру шеңберінде жаңадан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі қабылданғанын және мемлекеттік қызмет саласында кәсібилікті қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады.

Жүйелі жасалған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызметтің тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, бүгінгі күні мемлекеттік қызметтен кету деңгейі 2 есеге төмендегенін, сондай-ақ, пилоттық жоба ретінде бірқатар мемлекеттік органдарда факторлық-балдық шкала жүйесі енгізіліп, ондағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2-ден 2,5 есеге дейін көтерілгенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ Ғ.Тұрсынбаев Бәйдібек ауданы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға жазылған

мемлекеттік қызметшілер Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Т.Дәрменбаев, Көктерек ауылдық округі әкімінің кеңесшісі Ғ.Майлыбаев, аудан әкімі аппараты әкімшілік-жалпы бөлімшесінің басшысы Т.Үркімбаев іс-сапарға шығу кезінде жол шығындарын өтеу үшін басшылыққа алынатын заңнамалар туралы, облыс орталығына жаңа қызметке барған жағдайда мамандарға көрсетілетін көмек түрлері бойынша және мемлекеттік қызметшілердің айлық жалақысын ФБШ арқылы есептеу жүйесін ендіру кезіндегі қызметкерлерді қысқарту мәселесіне қатысты сұрақтар қойды.

Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына нақты жауаптар берді

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *