Басты бет > Хабар > Энергетика министрінің төрағалығымен «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша алқа отырысы өтті

Энергетика министрінің төрағалығымен «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша алқа отырысы өтті

2019 жылғы 2 қыркүйектегі
Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрі
Қ.А. Бозымбаевтың төрағалығымен алқа отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті 2019 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің төрағалығымен «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша алқа отырысы өткенін хабарлайды.
Осы отырысқа отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
Отырыс барысында Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру тұрғысынан ОЭК-ті дамытуға жағдай жасау үшін жүргізілген және жүргізіліп жатқан заңнамалық жағдайлар белгіленді:
«Жер қойнауын пайдалану саласын жандандыру үшін заңнамалық реформалар жүргізілді және жаңа Салық кодексі мен Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс қабылданды. Жер қойнауын пайдалану саласын реттеуді жеңілдету және теңізде геологиялық барлау үшін преференцияларды құру теңіз жобаларын іске асыруды жандандыруға мүмкіндік берді. 2025 жылға дейін Исатай, Абай, Жеңіс, Қаламқас-теңіз және Хазар жобалары бойынша жалпы инвестициялардың көлемі 5 млрд. астам АҚШ долларын құрайды.
Мұнай өңдеу секторында жаңғыртуды аяқтағанның арқасында мұнай өңдеу зауыттарының қуаты мен мұнайды өңдеу тереңдігі, сондай-ақ шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасы артты. Ағымдағы жылы ішкі нарықта оң әсер байқалады. Мәселен, а.ж. 8 ай ішінде мұнай өңдеу көлемі өткен жылғы кезеңге қарағанда 6%-ға өсті. «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын салу жобасын уақтылы іске асыру Министрлік үшін маңызды міндет болып табылады. Газ құбыры Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалар тұрғындары мен тас жолының бойында жақын орналасқан елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Келесі сектор – бұл мұнай-газ-химия секторы, оның ел экономикасы үшін үлкен әлеуеті бар. Ағымдағы күні неғұрлым перспективалы жобалардың ішінде жалпы құны 12 млрд. АҚШ долларды құрайтын бірқатар газ-химия инвестициялық жобаларын атап өтуге болады. Оның ішінде, жақын шет елдер арасындағы полимерлер өндіретін ең ірі Полипропилен және Полиэтилен жобалары. Екі жоба бойынша инвестиция көлемі 9 млрд. АҚШ долларды құрайды. Мемлекет Басшысының Жолдауында жаңартылатын энергетика секторын кеңейтудің қажеттілігі атап өтілді.
ЖЭК секторында соңғы жылдары үлкен заңнамалық жұмыстар жүргізілді. Дамыту үшін жағдай жасалды. Қазіргі уақытта ол өз жемісін берді, ЖЭК секторы белсенді дамып келеді. ЖЭК-тің үлесі электр энергияны өндірудің жалпы көлемінде 2020 жылғы дейін 3% – ға, 2025 жылға қарай 6%-ға, 2030 жылға қарай 10% – ға артады.
Министр атап өткендей, Министрлік алдында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – Слышащее государство» қағидатын жұмысымызда барынша қолдану міндеті қойылады. Салаларды дамыту бойынша барлық өткізіліп жатқан заңнамалық шаралар жұртшылық пікірімен тығыз байланысты болуға тиіс.
Отырыстың соңында Министр Президенттің Жолдауын іске асыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Послания Главы государства народу Казахстана от 2 сентября 2019 года под председательством Министра энергетики Республики Казахстан К.А. Бозумбаева
Территориальный департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по городу Шымкент сообщает, что 6 сентября 2019 года в Министерстве энергетики Республики Казахстан под председательством Министра энергетики Республики Казахстан К.А. Бозумбаева была проведена коллегия по обсуждению Послания Главы государства народу Казахстана от 2 сентября 2019 года «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана».
В Коллегии приняли участие члены Общественного совета по вопросам топливно-энергетического комплекса.
В ходе заседания были обозначены проведенные и проводимые законодательные улучшения для создания условий развития ТЭК в свете реализации Послания Главы Государства.
А именно, для активизации сферы недропользования были проведены законодательные реформы и приняты новые Налоговый кодекс и Кодекс о недрах и недропользовании.
Упрощение регулирования сферы недропользования и создание преференций для геологоразведки на море позволили активизировать реализацию морских проектов. В период до 2025 года общий объем инвестиций по проектам Исатай, Абай, Женис, Каламкас-море и Хазар составит более 5 млрд. долларов США.
В секторе нефтепереработки, благодаря завершению модернизации, нефтеперерабатывающие заводы увеличили мощность и глубину переработки нефти, а также качество выпускаемых нефтепродуктов.В текущем году, положительный эффект наблюдается на внутреннем рынке. Так за 8 месяцев т.г. объем переработки нефти вырос к прошлогоднему периоду на 6%.
Для Министерства приоритетной задачей является своевременная реализация проекта строительства магистрального газопровода «Сарыарка». Газопровод позволит обеспечить природным газом население городов Нур-Султан, Караганда, Темиртау, Жезказган и близлежащих населенных пунктов вдоль трассы.
Следующий сектор – нефтегазохимия имеет большой потенциал для экономики страны. На текущий день ряд инвестиционных проектов газохимии с общей стоимостью более 12 млрд. долларов США в числе наиболее перспективных. Из которых, проекты Полипропилен и Полиэтилен самые крупные проекты производства полимеров среди стран ближнего зарубежья. Объем инвестиций по двум проектам составляет 9 млрд. долларов США.
В Послании Главы государства отмечена необходимость расширения сектора возобновляемой энергетики.
В секторе ВИЭ в последние года была проведена большая законодательная работа. В настоящее время, это дает свои плоды, сектор ВИЭ активно развивается. Доля ВИЭ в общем объеме производства электроэнергии повысится до 3% к 2020 году, 6% к 2025 году, 10% к 2030 году.
Министр подчеркнул, что работа Министерства должна стать ориентированной на принципы Слышащего государства. Все проводимые законодательные меры по развитию отраслей должны быть тесно связаны с мнением общественности.
В завершении Министр дал ряд конкретных поручений по реализации Послания Президента.