Басты бет > Хабар > Электр қондырғыларының техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

Электр қондырғыларының техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау

2019 жылы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментінің өкілінің қатысуымен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның электр техникалық персоналға «Электр қондырғыларының техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау» бойынша нұсқама жүргізілді.

Электр техникалық персоналға электр қондырғыларын жұмысқа қабілетті күйде ұстау, уақытында және сапалы техникалық қызмет көрсету, жоспарлы-алдын алу жөндеулері, электр қондырғылары мен электр жабдықтарын сынау, жаңғырту және қайта құру қажеттігі туралы, сондай-ақ жұмысшыларды мерзімдік медициналық тексеруден өткізу, еңбек қауіпсіздігі, өрт және электр қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауларды электротехникалық және электр технологиялық персоналға өткізу қажеттігі туралы нұсқамалар жүргізілді.

Медиаон ақпарат