Басты бет > Қоғам > Электр энергиясына қосылу туралы

Электр энергиясына қосылу туралы

Қазасқтан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалықы қадағалау мен бақылау комитеті электр энергетикасына қосылуыеа қатысты өзгерістерді хабарлайды.
Электр энергетикасы туралы Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу кезіндегі екі рәсім алынып тасталды, сонымен қатар электрмен жабдықтау жүйесіне қосылудың техникалық шарттарын беру мерзімі және энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылардың жобалық шешімдерін өзара келісу арқылы шешілетін уақыт мерзімі қысқартылды. Сондай-ақ, электрмен жабдықтауға арналған келісім-шартты жасау мерзімі де қысқартылды. Сонымен қатар, электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру мерзімінің қысқартылуы туралы (14 күннен 5 күнге дейін), энергия беруші ұйымдардың тұтынушылардың жобалық шешімдерімен келісу мерзімінің қысқартылуы туралы (20 күннен 3 күнге дейін), энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың энергиямен жабдықтауға арналған шартты жасау мерзімінің қысқартылуы туралы (7 күннен 3 күнге дейін) рәсімдерді атап өту қажет. Осыған байланысты, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекс 300-1-баппен толықтырылып, аталмыш бап бойынша энергия беруші ұйымның электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен асып кетуі энергия беруші ұйымның лауазымды тұлғасына 125 (бір жүз жиырма бес) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Бұл баптағы лауазымды тұлға – энергия беруші ұйымның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы лауазым иесі екенін атап өту керек. Бұл тұрғыда Әкімшілік кодекс тағы бір 301-1-бабымен (Электр және жылу желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге қойылатын талаптарды бұзу) толықтырылғанын атап өткен жөн. Электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу – кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал, электр желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тарту – елу айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын мәлім етеміз.
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасындағы электр энергетикасы туралы заңнамаға сәйкес электр энергетикасы саласында ҚР нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган жүзеге асырады, осыған орай аталмыш бұзушылықтар анықталатын болса, аумақтық департаментке мына мекен-жай бойынша жүгінуді ұсына аласыздар: Шымкент қаласы, Диваев көшесі, 148-үй.