Басты бет > Саясат > «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің билет кассалары сіздерді күтуде

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің билет кассалары сіздерді күтуде

2016 жылдың 10 желтоқсанында Астана мен Алматы қалаларында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің билет кассалары ашылған болатын. Қазірдің өзінде үздіксіз билеттер сатылымға қойылған. Билетті сатып алушылардың қарасы көп. Билетті Оңтүстік Қазақстанның тұрғындары да Алматы немесе Астана қаласына барып сатып алудың, тіпті қаламызда орналасқан ЭКСПО-2017 билеттерін сататын дүңгіршектерге бармай-ақ, электронды түрде https://tickets.expo2017astana.com/ осы сайт арқылы сатып алуына мүмкіндік туған. Құрметті Оңтүстік Қазақстан облысының және  Шымкент қаласының тұрғындары – еліміздің – әлемнің 115 мемлекетін қарсы алатын уақыт сәті таяп келеді, осы айтулы шараға қатысып, әлемдік деңгейде өтетін іс-шараға қатысуға шақырамыз. Тарихта қалатын сәттің куәгері болыңыз.

Астана қ.:

1. «Керуен» СОО Көрменің басты тикет кеңсесі;

2. «Хан шатыр» СОО ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассасы.

Алматы қ.:

1. «MEGA Alma-Ata» СОО ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассасы;

2. «MEGA Park» СОО ЭКСПО-2017 көрмесінің билет кассасы.

“МЕДИАОН” ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.