Басты бет > Хабар > «Ырыс» МҚҰ Оңтүстік Қазақстандықтарға 5,5 пайыздық мөлшерлемемен несие бере бастады

«Ырыс» МҚҰ Оңтүстік Қазақстандықтарға 5,5 пайыздық мөлшерлемемен несие бере бастады

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ырыс» микро қаржы ұйымы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 5,5 пайызбен 108 жобаға қолдау көрсетті. Бұған дейін де қаржы ұйымы кәсібін дөңгелетемін деген шаруаға төменгі 7-9 пайыздық мөлшерлемемен несие беріп келген болса, биылдан бастап, бағдарлама шеңберінде ең аз мөлшерлемемен қаржы беруде. Бұл өңірдегі кәсібін жаңадан ашуға ниет білдірген адамға үлкен көмек.

Айта кетейік, «Ырыс» микро қаржы ұйымы осы уақытқа дейін жалпы соммасы 28,5 млрд. теңгені құрайтын 15 956 жобаға қолдау көрсеткен. Ырыстан қолдау тапқан жобалар аясында 13 697 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, 2017 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша ұйым жалпы соммасы 5 465, 300 мың теңгені құрайтын 2110 жобаны қаржыландырды.

Атап айтқанда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 2 264,1 млн. теңгеге 851 жоба, «Көктемгі егін егу-жинау» бағдарламасы бойынша 1 500,0 млн. теңгеге 880 жоба, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 400 млн. теңгеге 108 жоба, ал, мекеменің өз қаражаты есебінен 1 298,2 млн. теңгеге 271 жоба қаржыландырылған.

Сонымен қатар осы жылы «Ырыс» МҚҰ тарапынан 16 кооператив 287,3 млн. теңгеге қаржыландырылып отыр. Жалпы қаржы орталығы биылғы жылы 6 000 млн. теңгеге 2 300 жобаны қаржыландыруды жоспарлап отыр.

Ал «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 900 млн. теңге қаражат тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, жыл соңына дейін толық игеру жоспарлануда.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.