Басты бет > Саясат > Ш.Мырзахметов: «Елбасы Жолдауынан ел болашағын бағамдауға болады»

Ш.Мырзахметов: «Елбасы Жолдауынан ел болашағын бағамдауға болады»

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса түйткілді мәселелерді көтерді. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов мәлім етті.

Оның айтуынша, маңызды құжатта индустрия, жаңа технология, цифрландыру жүйесі, логистикалық инфрақұрылым, қаржы секторы, адам капиталы, тиімді мемлекеттік басқару, заң үстемдігі сынды 10 бағыт бойынша бірігіп жұмыс істеу керектігі баяндалған. Қоғам қайраткері Жолдауда айтылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға ел болып атсалысу керектігін айтты.

«Мемлекет басшысы Жолдауда бірнеше бағыттар бойынша мәселе көтерді. Осы аталған тапсырмалар аясында жұмыс істеп, межелерді орындасақ, әлемдегі дамыған елдердің қатарынан көрінетін боламыз. Елбасы барлық салада заманауи технологияларды, цифрлы жүйені пайдалану керектігін ұсынды. Бұл заман талабы. Елбасы Жолдауынан ел болашағын бағамдауға болады», – деді Шалатай Мырзахметов.

Президент барша қазақстандықтарға жүктеліп отырған міндеттің бірі – агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру екенін атап өтті. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға серпін береді.

Баспасөз мәслихатына қатысқан М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры Қанат Байболов Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлық өңір ретінде озық технологияны пайдалануды арттыра түсу қажеттігін айтты.

 «Жолдауда Елбасы 10 бағыт бойынша жұмыла еңбек ету керектігін тапсырды. Соның ішінде IT саласы, ауылшаруашылық мамандықтарын даярлайтын жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларын жаңартып, агроөнеркәсіп кешеніндегі озық білім мен тәжірибені тарататын орталыққа айналу керектігіне тоқталды. Мәселен, 2017-2021 жылдарға арналған Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да IT-орталық құрылып, қазіргі таңда бірнеше жоба іске асырылуда», – деді Қанат Сейітжанұлы.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Елбасы Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттауға шақырды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.