Басты бет > Мәдениет > ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС, ШАЛҚАР ШАБЫТ ТІЛЕЙМІН !

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС, ШАЛҚАР ШАБЫТ ТІЛЕЙМІН !

54
views

Құрметті «Медиа ON» газетінің ұжымы

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» деп баса айтқан болатын.

Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында, тәуелсіздік жылдары ерекше көңіл бөлініп, белсенді дамуға бет алған саланың бірі – білім саласы деп сенімді түрде айта аламыз.

Осы 25 жыл ішінде бұл сала мазмұны жағынан да, енгізілген технологиялар жағынан да өте үлкен өзгерістерді бастан өткерді. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бірнеше рет түбегейлі реформаларды жүргіздік.

Мектептерімізге типтік, зәулім ғимараттар салып, оларды компьютермен, интернетпен, лингафон кабинеттерімен, онлайн жүйесінде сабақ өтуге қажетті жағдайлармен, заманауи шеберханалар және спорт залдарымен жабдықтадық.

Сонымен қатар, білім саласындағы мемлекеттік бірегей саясат тұрғысынан алғанда ұстаздарымызға әділ сыншы, адал қамқоршы, Елбасымыз нұсқаған «Қазақстандық арманға» жол тартқан зияткер ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беруші болса екен деген ниетіміз бар.

Ендеше, оңтүстік өңірінің білім саласында қызмет етіп жүрген барша жерлестеріме бүгін тұсауы кесіліп, оқырманына жол тартқан «Зияткер ON» атты төл газеттеріңіз құтты болсын – дегім келеді!

Газет ұжымына шығармашылық табыс, алға қойған мақсаттарына жетуде шалқар шабыт тілеймін.

Облысымыздың білім саласымен бірге дамып, бірге көркейе беріңіздер!

Ізгі ниетпен,

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *