Басты бет > Саясат > Шырайлы Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Шырайлы Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болып Еркегали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды. Еркеғали Амантайұлы үш ЖОО тәмамдаған: 2002 жылы М.Әуезов атаныдағы ОҚМУ «кеден ісі», 2005 жылы – М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ, заңгер, 2007 жылы – Алматы экономикалық университеті – экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің жетекші маманы болудан бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі лауазымда жұмыс жасаған. Сондай-ақ, агенттікте Төраға орынбасары, кейіннен кеңесші қызметтерін атқарған. 2016 жылдан – 2017 жылдың ақпанына дейін ОҚО әкімі аппаратының басшысы болған. 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін ҚР Парламент Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған. 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.