Басты бет > Хабар > “Шырайлы Шымкент” шуақты қала, туған өлкем!

“Шырайлы Шымкент” шуақты қала, туған өлкем!

Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем

Асқар тауын, шуақ шашқан күнін сүйем

Биік, биік үйін, даңғыл дара жолын сүйем

Кең пейілді, жарқыраған елін сүйем!

Халқың бар, 1 милионға жақындаған

3 мегополюсте, тұру мәртебе маған!

Елбасымның айрықша көзі түскен

Күнгейде жатқан, жаны жайсаң үлкен қалам!

Ғаламда сенен артық жер таппаспын

Туған үйім, Шымкентіммен мақтанамын!

Ия, Шымкентім сен дегенде жүрегім айрықша тебіреніске ұшырап, ақындығым оянып, өлең жазу әдетке айналған. “Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас” дейді. Сендей жерді табу қайдан маған?

 Шырайлы Шымқаланың тарихы сонау ертеден басталады. Дәлірек айтқанда  “Ескі шаһар” маңынан 5-6 ғасырларға тән зорастарлық салтпен жерленген мүрделердің табылуы,  2200 жылдық тарихы бар Шымкенттің тарих сахнасында Әмір – Темірдің әскери қаласына айналғанын, айналып өтіп, араға 1500 жылды салып, одан ертерек пайда болғанын білдіріп отыр. Қазіргі таңда бұл жағдай қала әкімшілігі мен Қазақстан тарихшыларын толғандырып, ЮНЕСКО шеңберінде талқыланып келе жатқан професорлар мен докторлардың сүйікті тақырыбына айналған. Шымкент сөзінің шығуы “Шым” – көк, жасыл, “кент” – қала деген мағына береді екен. Яғни шыммен қоршалған жасыл қала. Алатау мен Қаратаудың ортасына жайғасқан, қаймағы бұзылмаған, салты мен дәстүрін сақтаған халықтың саны 1897 жылы бар жоғы 11 194 адамды құраған. 2017 жылы бұл көрсеткіш 922 300 адамға жетіп отыр. Мұның ең басты сырларының бірі елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халқы көп шоғырланған Оңтүстік Қазақстанға көп көңіл бөлуінің арқасында. Мәселен 2013 жылы қала халқының саны 683 300 мың болса, аглемерация бойынша қала маңында орналасқан ірілі-ұсақты ауылдардың қосылуы тұрғындар санының артуына сеп болып отыр. Өз кезегінде Шымкент Қазақстандағы жер көлемі бойынша 1 орынға (117 га), халық саны бойынша Республикада 2 орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш әліде өсу үстінде. Себебі елбасымыздың тапсырмасына сәйкес Шымкент милионды қалаға айналу қажет!

Менен бір үзік ой:

Не себеппен президентіміз күнгейде орналасқан, Астанадан алшақ жатқан, Оңтүстік орталығы саналатын Шымкентке көп мән береді? деген сауалға – тәуелсіз елдің жас ұрпағы ретінде, қала тұрғыны ретінде былай жауап берер едім: “Қаламыз тоғыз жолдың торабында орналасқан, инфрақұрылымы жақсы дамыған, экомикалық ахуалы тұрақты, 3 облысты байланыстыратын Республикалық маңызы бар магистралды жол қаланы қақ бөлгендіктен, көрші Өзбекстан Республикасына апаратын қақпа саналғандықтан, халқының көптігі, қазақы қаймағы таусылмағандықтан елбасымыз шырайлы қаламызға көп көңіл бөледі деп ойлаймын!”.

Бүгінде Шымкент Қазақстанның мұнай өндіру, химия, фармацевтика, түсті металлургия, машина жасау, тамақ өнеркәсібін өндіру орындарының ошағына айналып үлгерді. Қазақстанның мәдени, рухани эконоимикалық орталықтарының бірі. Халқы ешқашан тыным таппаған, еңбекті жаны сүйген ұл-қыздарының арқасында туған қаламыз күннен-күнге шарықтап даму үстінде. Оған себеп мәдениет пен білім, спорт, туризм салаларындағы жетістктер мен көрсеткіштер.

Шымкентте өзге ұлттың өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Қалада елбасымыз ашып кеткен Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғимараты қала қонақтары мен қоғамдық бірлестіктер үшін жүйелі түрде қызмет етіп жатыр. Қаламыздың тұрғындарына арналып, 10 нан астам саябақтар мен скверлер, су бұрқақтар жұмыс жасайды. Бұлда болсын, тұрғындар үшін қуаныш. Жай жеріне гүл отырғызсаң, ертесіне өсетін өсімдіктері, Шымкентіміздің жасыл қала, шыммен қоршалғандығын білдіріп тұрғандай!

Сонымен қатар 100-ге жуық спорт залдар, 7 стадион, 5 жүзу бассейні, 3 спорт кешені, жеңіл атлетикалық манеж көпшіліктің игілігіне қызмет көрсетуде. Бізден есімдері әлемге әйгілі талай чемпиондар шыққан. Келешекте 4 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт-мектебі мен жекеменшік спорт секциялары, клубтары талай чемпиондарды дайындап, шығаратынына күмәніміз жоқ. Қалалық ипподромда балалардың ат спорт мектебі жұмыс істейді.

Әркімге өз жері қымбат, туған елі қымбат. Мен үшін бұл ғаламда Қазақстан мен Шымкентім қымбат! Барынша туған жерімнің мақтаныштарын ашық әрі боямаусыз айттым деп ойлаймын. Шуақты қаланың шаршамас қонағы болыңыз. Тұрғыны болсаңыз – қаламызды аялап, өсуіне өз септігіңізді тигізіңіз!

Сағындық Жанысбаев

“Медиаон” ақпараттық порталы

Суреттер ғаламтор желісінен алынды

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.