Басты бет > Қоғам > Шырайлы Шымкентте қоғамдық сала бойынша жазатайым оқиғалар саны 13 оқиғаға азайған

Шырайлы Шымкентте қоғамдық сала бойынша жазатайым оқиғалар саны 13 оқиғаға азайған

Бұл туралы бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжановтың 2019 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Спикердің айтуынша: «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы:

Кәсіподақтың негізгі мақсаты: Жұмысшылардың құқын қорғау, еңбек ұжымында еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмысберушілердің жұмысшыларға жағдай жасау талаптарын енгізу, зейнетақы қорына қаржы аудармай қолма-қол нақты ақша алуды жою немесе көлеңкелі бизнестен ашық бизнеске өтуді қолдау, жұмысберушілердің жұмысшыларға ай сайын жалақыларын мерзімді төлеуін қамтамасыз ету және жалақы қарыздарын болдырмау, сондай-ақ адам өміріне қауіпті және зиянды жұмыстарда жұмыс істегендері үшін қосымша төлемақы алу талаптары бойынша жұмысшылар құқықтарын қорғау.

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен байланыста жұмыс жасайтын жалпы 2070 кәсіподақ ұйымдары бар, оның 10-ы Түркістан облыстық және 2-уі Шымкент қалалық салалық кәсіподақтар бірлестіктері мен филиалдары, 44-і аудандық филиалдар, өкілдіктер мен жергілікті кәсіподақтар және 2014-і бастауыш кәсіподақ ұйымдары.

Жалақы қарыздары бойынша

Шымкент қаласы бойынша

Үшжақты комиссиямен жалақы қарыздарын шешу бағытында тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесі бойынша 2019 жылдың басынан бері 9 мекеменің 819 жұмыскер алдындағы 121,8 млн. теңге жалақы қарызы болса, 6 айдың қорытындысымен оның саны 3 мекемеге азайды және 740 жұмыскердің 107 млн. теңгеге жалақы қары өтелді.

Дегенмен, 2019 жылдың жылдың 6 айында 6 кәсіпорында 79 жұмыскердің алдында 14,6 млн. теңге жалақы қарызы қалып отыр.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда қала бойынша банкроттыққа ұшырап (оңалтылып, таратылып) отырған 3 кәсіпорында 73 жұмыскер алдында 12,20 млн. теңге өтелмеген жалақыдан қарызы қалып отыр.

Өндірістік жазатайым оқиғалар туралы

Оңтүстік өңірі бойынша:

2019 жылдың 6 айында өңір бойынша жазатайым оқиғалар саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 20 оқиғаға азайды.

Оның ішінде, Түркістан облысы бойынша 7 оқиғаға азайды, ал Шымкент қаласы бойынша 13 оқиғаға азайды.

Сондай-ақ, өңір бойынша зардап шеккен адамдар саны 18-ге, қайтыс болғандар саны 6-ға, ауыр жарақат 11-ге, жеңіл жарақат 1-ге азайды.

2019 жылдың 6 айында 15 жазатайым окиға орын алып, оның салдарынан 23 адам зардап шеккен, оның ішінде әйелдер саны – 2.

Жалпы жазатайым оқиғада зардап шеккендердің ішінен:

– Қайтыс болған адам саны – 2, оның ішінде әйел саны – 0. Оның 1-уі қыш қалаушысы биіктен құласа, екіншісі жол жұмыскері эксковатордың астына бастырып қалған;

– Ауыр жарақат алған адам саны – 9, оның ішінде әйел саны-2;

– Жеңіл жарақат алған адам саны – 12, оның ішінде әйел саны – 0.

Шымкент қаласы бойынша:

2019 жылдың 6 айында 24 жазатайым окиға орын алып, оның салдарынан 24 адам зардап шеккен, оның ішінде әйелдер саны – 13.

Жазатайым оқиғаның 9-уы құлау, 5 жол-көлік салдарынан.

Зардап шеккендердің ішінен:

– Қайтыс болған адам саны – 3, оның ішінде әйел саны – 1. Оның 3-уі дежол-көлік оқиғасынан қайтыс болған.;

– Ауыр жарақат алған адам саны – 8, оның ішінде әйел саны-3;

– Жеңіл жарақат алған адам саны – 13, оның ішінде әйел саны – 9.

Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша кәсіподақ ұйымдарымен атқарылған жұмыстар

Бүгінгі күнге кәсіподақ мүшелерінің 9960 адамы немесе 6% оқытудан өтті.

Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша 1364 өндірістік кеңес, оның ішінде 1281-і кәсіподақ бастамасымен құрылған.

Жалпы жұмыс жасайтын 1452 еңбек қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың 1069-сі немесе 74% біліктіліктерін көтерген.

Еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша 586 тексерулер өткізілген.

Оның ішінде: өндірістік кеңестің бастамасымен 166 тексеру, жұмыскерлердің бастамасымен 125 тексеру және басқа 36 тексеру жүргізілген.

Нәтижесінде 477 еңбек заңдылықтарын бұзушылық анықталып, ол ескертпелер түзетілген. Қалған ескертпелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ескертпелердің 149-сі еңбек қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз етуге қатысты болса, 75-і еңбек қауіпсіздігі Ережесін және нұсқамаларын бұзған, 56-і оқытудан және нұсқаулықтан өтпеген, 10-і арнайы киіммен және жеке қорғаныс киімімен қамтамасыз етпеген, сондай-ақ 187 еңбек қауіпсіздігі бойынша басқа да ескертпелер берілген.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмыс орындарында жұмыскерлерге қолайлы жағдай жасау бойынша 106 ұсыныс берілген.

5 жұмыс орнында жұмыс тоқтатылып, оның кемшілігі ретке келтірілгеннен кейін жұмысқа қосылса, оның 3-і станок, машина және құрал-жабдық, ал 2-і өндірістік цех болған.

Кәсіподақ ұйымдары 55 еңбек дауын шешуге және 5 жазатайым оқиға орын алған жағдайларды зерттеуге қатысқан.

50 жұмыс орны аттестаттаудан өткізіліп, өндірістік кеңес жұмыстарындағы еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша 102 семинарлар өткізілген.

 

Медиаон ақпарат