Басты бет > Хабар > Шырайлы Шымкентте АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК бойынша 34 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА 9 МЛРД ТЕҢГЕ ТӨЛЕНГЕН

Шырайлы Шымкентте АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК бойынша 34 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА 9 МЛРД ТЕҢГЕ ТӨЛЕНГЕН

Ағымдағы жылдың 27-ші ақпанында Елбасының «Нұр Отан» партиясының кезекті 18-ші съезінде берілген тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 14 848 теңгеден 20 789 теңгеге көбейтілді.

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша 1-ші сәуірден бастап 64 736 азамат жүгінген, 37 982 отбасы учаскелік комиссияға жолданып, 34 779 отбасы бойынша оң шешім қабылданды және 33 823 отбасыға 9 млрд теңге төленді. Учаскелік комиссиямен кері қайтарылғаны – 3203 отбасы.

09.07.2019 жылғы мәлімет бойынша Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасында 47 381 адам – еңбекке қабілетті азаматтар, олардың ішінде 12 794 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жатады, 13 067 адам – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және олармен әлеуметтік келісім-шарттар жасалуда, 1 157 адам әлеуметтік келісім-шарттар жасасқан, оның ішінен 748 адам – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылған.

Сонымен қатар, 3 мың азаматты қысқа мерзімдік кәсіби оқытумен қамтылуы жоспарлануда (1035 адам – қысқа мерзімдік оқуды бітіріп, жұмыспен қамтылуда, 1000 адам – шілде айында, 965 адам – қыркүйек айында оқуға жіберіледі, 600 адам – қоғамдық жұмыстарға, «Жастар практикасына» жіберіледі).

Медиаон ақпарат