Басты бет > Саясат > Шындық жоқ жерде, сұмдық көп.

Шындық жоқ жерде, сұмдық көп.

А.Турбекованы кәсіподақтың келісімінсіз лауазымдық қызметінен босатқаны үшін Еңбек инспекциясы У.Кожагелдиеваға 962,000 тг және жұмыстан босатарда есеп айырысу (расчетный) төлемегені үшін 72,150 тг айыппұлдар салған болатын. Ал заңды белшесінен басып тұрып бұзатын У.Кожагелдиева сол айыппұлдарды төлемеу мақсатында, А.Турбекованың завучтықтан босатылғанынан хабарсыз болған мектептің кәсіподақ төрайымы Т.Муратоваға А.Турбекованы лауазымдық қызметтен босату туралы 23.10.2017 жылғы ұсынымға кейіннен қол қойғызған. Дәлелі: 30.10.2017 жылы мектепте болған өндірістік жиналыстан үзінді Т.Муратованың өз сөзі. Сценариді қараңыздар: 26.10.2017 жылы У.Кожагелдиева А.Турбекованың үстінен АББ-не арызданады. АББ басшысының сол кездегі орынбасары Б.Майрихов арыз бойынша тексеру комиисиясын құру туралы сол күні заңсыз бұйрық шығарады. Ол бұйрықтың заңсыздығы туралы «С-Информ» газетінің Фейсбуктағы парақшасында жарияланған болатын.

Сол күні яғни 26.10.2017 жылы АББ-нің қызметкерлері келіп А.Турбекованың үстінен тексеру жүргізеді. Тексеру қорытындысы дайын болмай жатып, директор У.Кожагелдиева «тексеру қорытындысын негізге алдым» – деп А.Турбекованы лауазымынан босату туралы бұйрық шығарады. Сонда У.Кожагелдиева А.Турбекованы лауазымынан босататынын тесеру келерден 3 күн бұрын біліп, Т.Муратоваға ұсыным жолдап отырғаны ма? 1 ай өтпестен А.Турбекованы жұмыстан толық босатарда, мектеп кәсіподағының мүшелеріне қысым жасай отырып, келісімін алғаны туралы аудиожазбадан үзінді.
Ал екінші айыппұл бойынша «мектеп мұғалімдерінің табелін жүргізу директор орынбасары К.Асилбековаға жүктелген» – деп оған «сөгіс» беріп өзі жұмыс беруші бола тұра жазадан қашып отыр.
Осылайша У.Кожагелдиева өзіне қолданылған жазаның бірін кәсіподаққа, ал екіншісін орынбасырына аударып отыр.
Негізі осы орын алған заңсыздықтар – Б.Майриховтың заңсыз шығарған бір бұйрығының салдары.

Малика Абдалиева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.