Басты бет > Саясат > ШЫНАЙЫ АЛҒЫСТАН БАСҚА АЙТАРЫМЫЗ ЖОҚ

ШЫНАЙЫ АЛҒЫСТАН БАСҚА АЙТАРЫМЫЗ ЖОҚ

Қазақ елінің іргесі бекем болуына отыз жылға жуық тер төккен Тұңғыш Президентіміздің есімімен бас қаланың аталуы расында зор мақтаныш деп білеміз және бір ауыздан қолдаймыз. Елбасының көреген, салиқалы саясаты қашан да біздің жүрегімізде. Нұрсұлтан Әбішұлынының ширек ғасырдан астам уақыт атқарған халық алдындағы қызметі – әлемдік деңгейдегі саясаттың үлгісі. Халқымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге дамудың барлық сатысынан өтті. Қайта жаңғыру мен реформа лебі еліміздің барлық саласын, азаматтардың тұрмысын толық қамтыды. Халықтың рухы, ой санасы жаңғырып, туған тіліміз, рухани құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз бен тарихи мәдениетіміз қайта оралды. Осындай әлем көз тіккен саяси сынақтардан сүрінбей өткен сарабдал саясаткеріміз – Нұрсұлтан Назараевқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Шымкент қаласы Үкіметтік емес ұйымдарының төрағалары