Басты бет > Хабар > Шымкет қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдерінің қатысуымен өтетін баспасөз брифингі өтті

Шымкет қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдерінің қатысуымен өтетін баспасөз брифингі өтті

Қатысушылар:
Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы –Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы
Шымкент қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысының орынбасары – Қосалиев Алмат Ералыұлы

Брифинг Департаменттің аумақтық басқармаларының жедел түсіндіру жұмыстары және рұқсат құжаттары жоқ өз қызметінің басталғаны туралы хабарлама бермеген қоғамдық тамақтандыру объектілері бойынша өткізілді. Осы рұқсат құжаты жоқ 139 нысандардың (кафе, мейрамханалар, тойхана, кондитерлік цех және т.б.) тізімдері интернет-ресурстарда екі рет жарияланды.
Брифингтің мақсаты – қала кәсіпкерлерін рұқсат беру құжаттарын алу және заңнама талаптары сақталмаған жағдайда қандай әкімшілік шаралар қабылданатыны туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 21, 21-1 баптарына сәйкес, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау нысандары екі топқа бөлінеді:
эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілер;
эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз объектілер.
Эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс.
Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілер «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, белгіленген тәртіппен эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объект қызметінің (пайдаланудың) басталғаны және тоқтатылғаны туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге міндетті.