Басты бет > Саясат > Шымкент: 2019-2021 ЖЫЛДАРЫ ҚАЙ САЛАҒА КӨБІРЕК КӨҢІЛ БӨЛІНДІ?

Шымкент: 2019-2021 ЖЫЛДАРЫ ҚАЙ САЛАҒА КӨБІРЕК КӨҢІЛ БӨЛІНДІ?

Дәл қазір Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен басталған 2019 -2021 жылдарға арналған бюджетті нақтылау бойынша баспасөз брифингінде осы сұрақтарға жауап берілмек.

На изображении может находиться: Шымкент Мәдениет

Ербол Әбілхайырұлының мәлімдеуінше, Шымкент қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін қалыптастыру барысында:
– Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 10 981,3 млн.теңге;
– Жұмыс істейтін жастар үшін тұрғын үй салуға 2 160,0 млн.теңге және тұрғын үй сатып алуға 4 320,0 млн.теңге;
– Жастар практикасына және жаңа бизнес идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге 2 020,0 млн.теңге;
– Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға 1 111,3 млн.теңге;
– Азаматтық және мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға 778,3 млн. теңге;
– Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар маман даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 111,4 млн.теңге;
– Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындарға стипендияны ұлғайтуға 106,4 млн. теңге;
– Орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруға – 732,1 млн.теңге жоспарланған.

Медиаон ақпарат