Басты бет > Жастар > Шымкент: 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты

Шымкент: 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі – Департамент) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына сәйкес 15 тамыздан 30 қыркүйекке дейін қоса алғанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық департаменттерінде 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспорттарын беру және қарастыру үшін материалдарды қабылдау бойынша жұмыстарды жүзеге асырды.
Сондай-ақ Шымкент қаласының энергетикалық кәсіпорындарының ұсынылған материалдарын қарау нәтижесінде Комитет «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС және «3-Энергоорталық» АҚ-ға, ал Департамент «Нұр-Арыстан» ЖШС, «Энергострой-Indastri» ЖШС және «Шымкент әуежайы» АҚ-ға 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын берді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы энергетикалық кәсіпорындардың алдағы 2019-2020 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы, сондай-ақ өтуі Департаменттің тұрақты бақылауында.