Басты бет > Саясат > Шымкент: Әдеп жөніндегі уәкіл қабылдайды

Шымкент: Әдеп жөніндегі уәкіл қабылдайды

Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация береді.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі – Мұратжан Омарбекұлы Акишевтің мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау кестесі:

Әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісінде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін. Қабылдау мекенжайы:

Шымкент қаласы, Астана даңғылы, №10, №410 кабинет, тел.: 8 (7252) 24-70-50

Медиаон ақпарат