Басты бет > Білім > Шымкент: Ұстаз – ұлағатты есім

Шымкент: Ұстаз – ұлағатты есім

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» салтанатты кешінің шымылдығы «Көңілашар» күйімен бүгін Шымкент қаласының “Түркістан” сарайын да ашылды.
Мерекелік іс-шараға қаламыздағы білім беру ұйымдарынан 1300-ден астам мұғалімдер қатысуда. Баршамыздың сауатымызды ашып білім нәрімен сусындатып  өмірге қанат қақтырған – ұлағатты  ұстаздар мерекесіне Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов құттықтау сөзін жеткізді.  Кеш соңы білім саласында еңбегі ерлеген ұстаздар қауымын марапаттау рәсіміне ауысып, ҚРБжҒМ-нің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі;
ҚРБжҒМ-нің «Құрмет» төсбелгісі;
ҚРБжҒМ-нің «Құрмет грамотасы»;
ҚРБжҒМ-нің «Алғыс хаты»;
ҚРБжҒМ-нің білім саласындағы инвесторлардың «Алғыс хат»-тарымен марапатталды.
Бар өмірін ұлағат жолына арнап, білім саласына елеулі үлес қосқан, ұрпақ тәрбиелеу ісінде озық үрдіс танытып, басшылық қызмет атқарған ардагер ұстаздарымызға «Ұстаздардың ұстазы» атағына ұсынылған жандар:
Н.Байғұтов, Б.Көмекбаева, Қ.Апатанов, Т.Демеуова , Г.Атемова, С.Бахтығалиева, Н. Жүзбаева сынды ардақты ардагер ұстаздарымызға Үшінші мегаполис әкімі Е. Айтахановтың «Алғыс хаты» мен сыйлықтар тарту етілді. Сонымен қатар, Шымкент қаласының «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары да ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік іс-шара «Ұстазым» әнімен концерттік бағдарламаға ұласыты.

Медиатор ақпарат