Басты бет > Саясат > Шымкент: ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент: ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департамент басшысы Жұмағали Асхат Жұмағалиұлының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

На изображении может находиться: 2 человека, люди сидят

Кездесу барысында Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жемқорлық құқық-бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға, олардың салдарын жою, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара байланысын нығайту туралы тақырыптар кеңінен тарқатылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы №986 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы жария етілді.

Елбасымыз атап айтқандай, «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер» – деген болатын. Осы қатердің алдын алу аясында біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Осыған байланысты елімізде көптеген іс-шаралар өткізілуде, оның ішінде Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты да өз үлесін қосуда.

Медиаон ақпарат