Басты бет > Саясат > Шымкент: Қаратау ауданының әкімдігінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шымкент: Қаратау ауданының әкімдігінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қаратау ауданының әкімдігінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Жиналыстың мақсаты: мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Халыққа әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, сондай-ақ оларға берілетін жеңілдіктер, жәрдемақы, өзгеде әлеуметтік төлемдер туралы халық арасында түсіндіру, сонымен қатар электронды қызметтер алудың тиімділігін тұрғындардың әрбірінің назарына жеткізу және жұмыстарын насихаттау.

1. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
2. «Халыққа әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, сондай-ақ оларға берілетін жеңілдіктер, жәрдемақы, өзгеде әлеуметтік төлемдер туралы түсіндіру ай сайын Шымкент қаласының төрт ауданы бойынша өтетін болады.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының тарапынан 27 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, атап айтқанда:
– «Азаматтық хал актілерін тіркеу» – 10 қызмет;
– «Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жұмыс жүргізу» – 8 қызмет;
– «Аз қамтылған азаматтармен, ардагерлермен, зейнеткерлермен жұмыс жүргізу» – 3;
– «Әлеуметтік көмектерді, жәрдемақыларды тағайындау және төлеу» – 1;
– «Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» – 5 қызмет, оның ішінде 11 қызмет e-gov веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Медиаон ақпарат