Басты бет > Білім > Шымкент қаласы 22 мыңға жуық оқушыны 1 сыныпқа қабылдады

Шымкент қаласы 22 мыңға жуық оқушыны 1 сыныпқа қабылдады

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының білім беру саласы 4 жаңа мектеппен және 1 мектеп қосымша оқу ғимаратымен толықты,

Жаңа мектептің бірі Абай ауданына қарасты «Қызылжар» мөлтек ауданында бой көтерген. Жергілікті тұрғындар көптен күткен мектеп 900 орынға есептелген.

На изображении может находиться: 9 человек, в том числе Гани Ташкараев, люди стоят и на улице

Білім күніне орай пайдалануға берілген мектептің ашылу салтанатында қала әкімі Ерлан Айтаханов ұстаздар қауымы мен оқушыларды құттықтады.

– Егемендік алғалы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың тəрбиесіне барынша көңіл бөлді. Бүгінгі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастарға сапалы білім беруді басты назарға алған.
Міне, сол мақсатта қажетті құрал-жабдықпен жасақталған, заман талабына сай жаңа мектептер салынды. Биылғы жаңа оқу жылын Шымкент қаласының білім саласы 144 мемлекеттік жəне 17 жекеменшік мектеппен бастап отыр. Бүгін 21 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаса, жалпы, 200 мыңнан аса оқушы орта білім алмақ. Осы игі іс жалғасын тапсын! Жаңа оқу жылы құтты болсын! – деді қала əкімі.На изображении может находиться: 12 человек, люди сидят

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы мəслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов, маслихат депуттары, зиялы қауым өкілдері, ата-аналар қатысып, оқушылардың мерекелік концертін тамашалады.

Шымкент қаласында бүгін «Шаңырақ» шағын ауданында 600 орындық, Әкімшілік-Іскерлік орталықта 1200 орындық және «Таскен» мөлтек ауданда 300 орындық жаңа мектептер де өз қызметін бастады. Ал Әл-Фараби ауданы «Сәуле» шағынауданында орналасқан №76 мектеп жаңа оқу ғимараты, спорт залы, шеберхана және асханамен толықты.

Медиаон ақпарат