Басты бет > Білім > Шымкент Қаласы 1000 Ға Жуық Балаға Мектеп Сөмкесін Сыйлады

Шымкент Қаласы 1000 Ға Жуық Балаға Мектеп Сөмкесін Сыйлады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

 

Іс-шараға ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Әбдінәбиұлы, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі Бұқарбай Парманов, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Наштайұлы, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы және ата-аналар қатысты.На изображении может находиться: 6 человек, люди стоят и в помещении

Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев құттықтау сөз алып, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың игі тілегі мен ниетін жеткізді.

Сондай-ақ, бөлім басшысы К.Тұрдыбаев жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Отырар», «Нар ТВ» телеарнасына, «Шымкент келбеті» газетіне, «Оңтүстік» радиосына және т.б. БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Шараға қатысқан мәртебелі қонақтар да сөз алып, ата-аналар мен оқушыларға өздерінің ақ тілегін жеткізді.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1100 оқушыға мектепке қажетті сөмкелер мен құрал-жабдықтар табыс етілді.

Игілікті шара соңында өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы сауапты бастамаға қолдау білдірген барша азаматтарға айрықша алғысы мен риясыз ризашылығын білдірді.